АҒЫЛЫШЫН ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ
2021 жылдық 08-12 ақпан аралығында «Еnglish is the key for the global Renaissance»тақырыбында ағылшын тілі апталығы өз деңгейінде өтті.
Апталықтың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрете отырып, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Апталық жоспар бойынша ofline форматта 9-сынып оқушылары арасында TED talks шарасы өткізілді. Бұл шарағада 6 оқушы әр түрлі тақырыпта жобаларын ұсынып, көпшілікке өз идеяларын таратты.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша TED talks жеңімпаздары анықталып, Өскемен қаласы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі ЮНЕСКО клубы және Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының қолдауымен даярланған арнайы дипломдармен марапатталды:
І орын -Тоқтамысов Бекжан 9 "Б" сыныбы
ІІ орын - Исанов Ерікжан 9"А" сыныбы
ІІІ орын - Жарысұлы Медеу 9"Б" сыныбы
Сонымен қатар белсенді қатысқан оқушыларға сертификаттар табысталды.