О нас » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісін беруге кандидатты ұсыну туралы.
20
июль
2023
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісін беруге кандидатты ұсыну туралы.
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттау атағын беруге үміткер, білім беру жүйесі саласының педагогикалық, басқарушылық, аналитикалық, диагностикалық, әдістемелік қызметінде үлкен тәжірибесі бар білікті маман Муратова Еркежан Куумаркановна ұсынылды. Еркежан Кумаркановна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика және психология магистрі педагогикалық еңбек өтілі шамамен 30 жылды құрайды. Көп жылдық жұмыс тәжірибесі, қажеттілігі, адалдығы, әріптестерінің еңбегін әділ бағалай білуі
"Мектебім-мейірім мекені"
27
август
2024
"Мектебім-мейірім мекені"
Құрметті лицейіміздің  ұстаздары, ата-аналары және оқушылары! Сіздерді 2024-2025 жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!  1 қыркүйек - білім күніне арналған "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында өтетін салтанатты шараға шақырамыз!  Өтетін күні: 1 қыркүйек 2024ж Басталу уақыты: сағат 09:30, лицей футбол алаңы Сынып жиналысы: сағат 10:30, сынып бөлмелерінде
Биологиядан IBO-2024 35-ші Халықаралық олимпиадасы
13
июль
2024
Биологиядан IBO-2024 35-ші Халықаралық олимпиадасы
7-13 шілде аралығында Астана қаласында 23 елден келген оқушылар арасында ІВО-2024 биология бойынша 34-ші Халықаралық Олимпиада өз мәресіне жетті.   “Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады демекші бұл бәйгеде тағы бір мәрте білімін дәлелдеген Қазақстан құрама команданың мүшесі лицейіміздің оқушысы Төреханұлы Нұртөре ҚОЛА МЕДАЛЬ иеленді. Нұртөрені, оның ата-анасын, даярлаған мұғалімін және барша лицей ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!  Бүгінгі күнде Нұртөренің білім қоржынында: - - ⁠Жалпы
ОЛИМПИАДАЛЫҚ 100 ҮЗДІК МЕКТЕП РЕЙТІНГІ
27
май
2024
ОЛИМПИАДАЛЫҚ 100 ҮЗДІК МЕКТЕП РЕЙТІНГІ
ОЛИМПИАДАЛЫҚ 100 ҮЗДІК МЕКТЕП РЕЙТІНГІ ЖАСАЛДЫ. ЛИЦЕЙІМІЗ АЛҒАШҚЫ ҮШ МЕКТЕПТІҢ ҚАТАРЫНА КІРІП, 1 ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ.   2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін толық нәтижелеу үшін еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептер рейтингі жасалды.    Үздік олимпиадалық мектеп атану үшін республика бойынша 590 мектеп бақ сынасты. Өскемен “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицейі былтырғы оқу жылында 5-ші орында болса, биылғы жылы екі саты жоғары
"Батырлар күніне" орай лицейішілік волейбол турнирі
05
май
2024
"Батырлар күніне" орай лицейішілік волейбол турнирі
7 мамыр "Батырлар күніне"  орай лицейішілік ата-аналар, ардагер ата-аналар, мұғалімдер, түлектер және лицей оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті. Лицей ата-аналарының, түлектеріміздің лицеймен тығыз қарым-қатынаста болуы,  достықты және таныстықты нығайту мақсатында өткізілген аталмыш шара жоғары деңгейде өтті.  Жарыс нәтижесі бойынша: 1 орын - Түлектер командасы 2 орын - Ардагер ата-аналар командасы 3 орын - Оқушылар командасы иеленді.  Жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар табысталып,
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
04
май
2024
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған
2024 жылдың 3-4 мамыр күндері Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға 7-8 сыныптарының  300-ге жуық оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 29 оқушы жүлдегер атанды: І орын - 13 оқушы ІІ орын - 9 оқушы ІІІ орын - 7 оқушы. Олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарына дипломдар мен сертификаттар табысталды. Барлық жеңімпаздарымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
36 Азия-Тынық мұхиты және 13 "Жібек Жолы" Халықаралық олимпиадалары
13
март
2024
36 Азия-Тынық мұхиты және 13 "Жібек Жолы" Халықаралық олимпиадалары
Сүйінші!!! 2024 жылдың 11-13 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен математика пәнінен 36 Азия-Тынық мұхиты және 13 "Жібек Жолы" Халықаралық олимпиадаларында 10-сынып оқушысы Маратұлы Әлинұр жоғарғы нәтиже көрсетіп, КҮМІС медаль иегері атанды!  Олимпиадаға 38 ел қатысып, жүздеген оқушылар бақ сынысты. Соның ішінен топ жарып шыққан Әлинұрды, даярлаған ұстазын және ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз! Әлинұрға тек сәттілік тілейміз!
КІТАП ОҚУ АКЦИЯСЫ-2024
13
март
2024
КІТАП ОҚУ АКЦИЯСЫ-2024
Кітап оқу - бұл ой-санаңды кеңейтіп, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретеді, өзіңді тануға және қоршаған ортаны шынайы тани білуге көмектесетін баға жетпес әрекет. Қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі.  Оқыған адамның күні қашан да жарық. Осыған орай лицей оқушылары мен ата-аналарына арналған кезекті "Кітап оқу акциясы-2024" сайысы өтетінін хабарлаймыз. Басты шарт - тізімде сізге берілген кітапты оқып, сол кітап бойынша тест тапсыру.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
08
февраль
2024
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
8 қаңтар күні «Окуга куштар мектеп» жобасы аясында Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы негізінде әдеби оқу өткізілді. #Біртұтас_тәрбие
Жер сілікінісі кезіндегі қорғану жаттығулары
02
февраль
2024
Жер сілікінісі кезіндегі қорғану жаттығулары
2 ақпан күні Шығыс Қазақстан обылысы бойынша жер сілкінісінен қорғану жаттығулары өткізілді. Жаттығу барысында дабыл қабылған сәтте лицей ұжымы, оқушылар қандай іс-әрекеттер жасау керек, қайда тығылу керектігін, қай есіктен сыртқа шығу керектін істеді. Жаттығуға 170 оқушы, 38 лицей қызметкері қатысты. #Біртұтас_тәрбие