О нас » Страница 2 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
10
январь
2024
ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
2024 жылдың 8-13 қаңтары аралығында Алматы қаласында мерейтойлық ХХ Халықаралық Жаутіков олимпиадасы өткізілді. Халықаралық олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайджан, Армения, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния сынды 14 елден 600-ге жуық дарынды оқушылар қатысты. Соның ішінде біздің лицейіміздің де оқушылары қатысты: Ахметов Әлішер, Маратұлы Алинур, Касиман Алемхан, Нұржанұлы Нұрәділ. Олимпиада қорытындысы бойынша информатика
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
04
январь
2024
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың
Көптен күткен жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі де өз мәресіне жетті. Лицейіміздің намысын қорғап, қоржынымызды 22 алтын, 23 күміс және 7 қола медальдармен толықтырған оқушыларымыз тағы бір мәрте өз білімдерін дәлелдеді. 53 жүлделі орынмен лицейіміз жалпы командалық есепте “Ең үздік олимпиадалық команда-2024” номинациясы бойынша 1 орынды иеленді. Барлық оқушыларды, ата-аналарды және дайындаған ұстаздарды кезекті жеңісімізбен құттықтаймыз!
"INFORMATICS-ASIA"
16
декабрь
2023
"INFORMATICS-ASIA"
2023 жылдың 16-18 желтоқсанда Астана ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен "INFORMATICS-ASIA" халықаралық компьютерлік жобалар байқауы өтті. Жарысқа 4 мемлекеттен 184 жоба бойынша 450 оқушы қатысты.  Байқаудың негізгі мақсаты: ІТ саласында ғылыми зерттеушілікке қызығушылық танысатын дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту; ІТ саласында дамытудың тиімді құралы ретінде дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетіне негізделген жаңа жобаларды әзірлеу; Әртүрлі елдерден оқушылар мен
"Үздік тарих пәні мұғалімі-2023"
11
декабрь
2023
"Үздік тарих пәні мұғалімі-2023"
2023 жылдың 11 желтоқсан күні өткен "Үздік тарих пәні-2023" облыстық байқауының жеңімпазы лицейіміздің тарих пәні мұғалімі Камбасова Мөлдір Мұратбекқызы жүлделі ІІ орынды иеленді. Мөлдір Мұратбекқызын жүлдесімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта мол табыс тілейміз!
XV Еуразиялық олимпиада
11
декабрь
2023
XV Еуразиялық олимпиада
2023 жылдың 11-12 желтоқсанда Алматы қаласында информатикадан XV Еуразиялық олимпиада өтті. Олимпиада екі тур бойынша өткзілді: Техникалық және негізгі тур. Олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен 75 командадан 200-ден астам оқушы қатысты. Аталмыш олимпиадаға лицейміздің намысын қорғап қатысып, қола медаль иегерлері атанған 9 сынып оқушысы Ғазиз Мәди, 11-сынып оқушысы Ахметов Әлішер және 10-сынып оқушысы Қасиман Әлемханды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
"Brain Rain"
08
декабрь
2023
"Brain Rain"
Лицейімізде облыстық мектептер арасында, атап айтқанда Жамбыл гимназиясы, Облыстық мамандандырылған IT- лицейі, Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі, Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернаты арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында лицейіміздің ұйымдастыруымен  мұғалімдер арасында "Brain Rain" интеллектуалды сайысын өткіздік.  Сайыста мамандандырылған мектептердің ұстаздарынан
"Әуезді әуен"
07
декабрь
2023
"Әуезді әуен"
Алматы қаласында оқушылар арасында өткен "Әуезді әуен" республикалық ән жарысында 9-сынып оқушымыз Марат Ахмед үш тілде ән шырқап, қазақ тілі бағыты бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды. Оқушымызды, жетекшілерін және ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз!
ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА
01
декабрь
2023
ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА
2023 жылдың 2-3 желтоқсан күндері Алматы қаласында өткен "Математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің Х Халықаралық АҚТЫҚ шығармашылық байқауы өтті. Бұл байқауға лицейіміздің намысын қорғап, бақ сынап жүлделі ІІ орын алған математика пәні мұғалімі Әнуарбеков Тынышбек Сұлтанбекұлын құттықтаймыз! Алдағы ұстаздық жолында шығармашылық табыс пен жеңістер тілейміз!
«Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел»
30
ноябрь
2023
«Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел»
Қазақ халқының рухани мұрасын, салт-дәстүрлерін танымал ету, оқушылардың мәдениетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қолдау және жалпыадамзаттық және адал, саналы, жасампаз азаматтар тәрбиелеу мақсатында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында облыстық «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың конкурсы өткізілді. 1-кезеңнің нәтижесі бойынша лицейіміздің төмендегі оқушылары дипломдармен марапатталды.  Есбол Ернар -І орын
Аймақтық баскетбол.
25
ноябрь
2023
Аймақтық баскетбол.
Сүйінші! 2023 жылдың 25 қараша күні өткен аймақтық баскетбол жарысынан лицейіміздің баскетбол командасы жүлделі І орынды қанжығалады. Жігіттерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, республикалық тартыста сәттілік тілейміз!