О нас » Страница 3 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі
22
ноябрь
2023
Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі
2023 жылдың 22 қарашасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурсқа барлық аудандар мен қаладан келген 200-ден астам оқушының ішінде біздің лицейдің оқушылары да қатысты. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша командалық түрде 11-сынып оқушылары Ибраев Мирас пен Ахметов Әлішер - 2 орын, Қасенұлы Есжан мен Нұрланбек Ералы - 3 орын және 10-сынып оқушысы Алтынбек Нұрдәулет - 3 орынды иеленді.
"Ақбозат" ұлттық мектеп лигасы
16
ноябрь
2023
"Ақбозат" ұлттық мектеп лигасы
Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында шахматтан "Ақбозат" ұлттық мектеп лигасында 9-11 сынып арасындағы жарысқа қатысып, жүлдері орындарды иеленген төмендегі оқушыларымызды құттықтаймыз! Әбдікәрімов Райымбек - 1 орын, 9-сынып,  Құрманбаев Санжар - 1 орын, 10-сынып, Дәулетқанов  Сырым - 1 орын, 10-сынып.  Сонымен қатар, Өскемен "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейі жалпыкомандалық есепте І орынды иеленді.
"Brain Rain" тартысы
16
ноябрь
2023
"Brain Rain" тартысы
Тек қана оқушылар емес,  мұғалімдер арасында да өткізілген бұл шара қатысушыларымызға ерекше көңіл-күй сыйлады. Лицейіміздің қабырғасында  ұстаздар арасында кезекті "Brain Rain" интеллектуалды ойыны өтті. Преподавателидан құралған 4 команда тартысқа түсті. Сол команда мүшелері ретінде "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" жобасы аясында лицейімізге жолдама алып келген тағлымдамадан өтетін үміткерлеріміз де қатысты.
Химия пәні бойынша республикалық Қ.Сәтбаев олимпиадасы
02
ноябрь
2023
Химия пәні бойынша республикалық Қ.Сәтбаев олимпиадасы
2023 жылдың 30 қазан мен 2 қараша күндері аралығында Жезқазған қаласында 9 сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша Қ.Сәтбаев олимпиадасы өтті. Аталмыш олимпиаданың қорытындысы бойынша оқушымыз Бекболатов  Ерназар лицей қоржынын тағы бір қола медальмен толықтырып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ерназарды, ата-анасын және ұстаздарды кезекті жеңіспен құттықтаймыз!
"Жаңа күн - жаңа Қазақстан" айтыс.
26
октябрь
2023
"Жаңа күн - жаңа Қазақстан" айтыс.
Лицейімізде "Төрт тоқсан - төрт өнер" жобасы аясында және Республика күніне оорай "Жаға күн - жаңа Қазақстан" атты айтыс өткізілді. Жобаның мақсаты - қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік құзіреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу.
"Знание языка открывает путь к серду"
09
октябрь
2023
"Знание языка открывает путь к серду"
План проведения недели русского языка и литературы  9 – 13 октября 2023 г. Цель: систематизировать теоретический и практический опыт проведения предметной недели по русскому языку, представить собственные методические разработки и рекомендации в данной области. Задачи:  повышение интереса учеников к учебным предметам - русский язык и литература, формирование познавательной активности, расширение кругозора. развитие коммуникативных навыков. № Тема / мероприятие Дата Класс Место проведения Время
Халықаралық ұстаздар күніне құттықтау.
05
октябрь
2023
Халықаралық ұстаздар күніне құттықтау.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев  лицей ұстаздарын Халықаралық мұғалімдер күнімен құттықтып, «Преподавателиымызға еліміздегі білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлестері мен адал қызметтері үшін» шынайы алғысын білдірді. Ғани Бейсембаев мырзаға лицей ұжымы атынан рахметімізді айтамыз!
XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
03
октябрь
2023
XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында 2023 жылдың 03 қазанында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Президенттік олимпиадаға аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Оқушылар бір мезетте математика, физика, биология, және
«Мектептегі стратегиялық және тактикалық басқару»  атты облыстық семинары.
02
октябрь
2023
«Мектептегі стратегиялық және тактикалық басқару» атты облыстық
2023 жылдың 02 қазан күні Өскемен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің ұйымдастыруымен  Шығыс Қазақстан облысы бойынша аудан және қала мектептерінен жиналған мектеп басшылары мен олардың орынбасарларына арналған «Мектептегі стратегиялық және тактикалық басқару» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар барысында лицейіміздің оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары Е.К.Муратова «Стратегиялық менеджмент-табысты басқару жүйесінің негізі» тақырыбында лицейдің даму жоспарына шолу жасап, жаңашыл ақпараттар
Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған қазақ күресі
27
сентябрь
2023
Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған қазақ күресі
2023 жылғы 27-28 қыркүйек күндері ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы Өскемен қаласында дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты ғимаратында Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының мектеп оқушылары арасында халық қаһарманы Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған қазақ күресі жарысының облыстық кезеңін өткізді. Жарыстың мақсаты – қазақ күресін мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау және бұқаралық сипатын арттыру. Жарыста Шығыс