XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
03
октябрь
2023

XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі

Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында 2023 жылдың 03 қазанында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Президенттік олимпиадаға аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Оқушылар бір мезетте математика, физика, биология, және химия пәндерінен өз білімдерін көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша лицейіміздің 11-сынып оқушысы Чайкенов Алижан ІІ-орынды иеленіп, дипламмен марапатталды.
Алижанды және оның ата-анасы мен мұғалімдерін құттықтаймыз!