Жетістіктеріміз » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » Жетістіктеріміз
Биологиядан IBO-2024 35-ші Халықаралық олимпиадасы
13
июль
2024
Биологиядан IBO-2024 35-ші Халықаралық олимпиадасы
7-13 шілде аралығында Астана қаласында 23 елден келген оқушылар арасында ІВО-2024 биология бойынша 34-ші Халықаралық Олимпиада өз мәресіне жетті.   “Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады демекші бұл бәйгеде тағы бір мәрте білімін дәлелдеген Қазақстан құрама команданың мүшесі лицейіміздің оқушысы Төреханұлы Нұртөре ҚОЛА МЕДАЛЬ иеленді. Нұртөрені, оның ата-анасын, даярлаған мұғалімін және барша лицей ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!  Бүгінгі күнде Нұртөренің білім қоржынында: - - ⁠Жалпы
ОЛИМПИАДАЛЫҚ 100 ҮЗДІК МЕКТЕП РЕЙТІНГІ
27
май
2024
ОЛИМПИАДАЛЫҚ 100 ҮЗДІК МЕКТЕП РЕЙТІНГІ
ОЛИМПИАДАЛЫҚ 100 ҮЗДІК МЕКТЕП РЕЙТІНГІ ЖАСАЛДЫ. ЛИЦЕЙІМІЗ АЛҒАШҚЫ ҮШ МЕКТЕПТІҢ ҚАТАРЫНА КІРІП, 1 ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ.   2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін толық нәтижелеу үшін еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептер рейтингі жасалды.    Үздік олимпиадалық мектеп атану үшін республика бойынша 590 мектеп бақ сынасты. Өскемен “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицейі былтырғы оқу жылында 5-ші орында болса, биылғы жылы екі саты жоғары
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
04
май
2024
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған
2024 жылдың 3-4 мамыр күндері Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға 7-8 сыныптарының  300-ге жуық оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 29 оқушы жүлдегер атанды: І орын - 13 оқушы ІІ орын - 9 оқушы ІІІ орын - 7 оқушы. Олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарына дипломдар мен сертификаттар табысталды. Барлық жеңімпаздарымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
36 Азия-Тынық мұхиты және 13 "Жібек Жолы" Халықаралық олимпиадалары
13
март
2024
36 Азия-Тынық мұхиты және 13 "Жібек Жолы" Халықаралық олимпиадалары
Сүйінші!!! 2024 жылдың 11-13 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен математика пәнінен 36 Азия-Тынық мұхиты және 13 "Жібек Жолы" Халықаралық олимпиадаларында 10-сынып оқушысы Маратұлы Әлинұр жоғарғы нәтиже көрсетіп, КҮМІС медаль иегері атанды!  Олимпиадаға 38 ел қатысып, жүздеген оқушылар бақ сынысты. Соның ішінен топ жарып шыққан Әлинұрды, даярлаған ұстазын және ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз! Әлинұрға тек сәттілік тілейміз!
ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
10
январь
2024
ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
2024 жылдың 8-13 қаңтары аралығында Алматы қаласында мерейтойлық ХХ Халықаралық Жаутіков олимпиадасы өткізілді. Халықаралық олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайджан, Армения, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния сынды 14 елден 600-ге жуық дарынды оқушылар қатысты. Соның ішінде біздің лицейіміздің де оқушылары қатысты: Ахметов Әлішер, Маратұлы Алинур, Касиман Алемхан, Нұржанұлы Нұрәділ. Олимпиада қорытындысы бойынша информатика
"INFORMATICS-ASIA"
16
декабрь
2023
"INFORMATICS-ASIA"
2023 жылдың 16-18 желтоқсанда Астана ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен "INFORMATICS-ASIA" халықаралық компьютерлік жобалар байқауы өтті. Жарысқа 4 мемлекеттен 184 жоба бойынша 450 оқушы қатысты.  Байқаудың негізгі мақсаты: ІТ саласында ғылыми зерттеушілікке қызығушылық танысатын дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту; ІТ саласында дамытудың тиімді құралы ретінде дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетіне негізделген жаңа жобаларды әзірлеу; Әртүрлі елдерден оқушылар мен
"Үздік тарих пәні мұғалімі-2023"
11
декабрь
2023
"Үздік тарих пәні мұғалімі-2023"
2023 жылдың 11 желтоқсан күні өткен "Үздік тарих пәні-2023" облыстық байқауының жеңімпазы лицейіміздің тарих пәні мұғалімі Камбасова Мөлдір Мұратбекқызы жүлделі ІІ орынды иеленді. Мөлдір Мұратбекқызын жүлдесімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта мол табыс тілейміз!
XV Еуразиялық олимпиада
11
декабрь
2023
XV Еуразиялық олимпиада
2023 жылдың 11-12 желтоқсанда Алматы қаласында информатикадан XV Еуразиялық олимпиада өтті. Олимпиада екі тур бойынша өткзілді: Техникалық және негізгі тур. Олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен 75 командадан 200-ден астам оқушы қатысты. Аталмыш олимпиадаға лицейміздің намысын қорғап қатысып, қола медаль иегерлері атанған 9 сынып оқушысы Ғазиз Мәди, 11-сынып оқушысы Ахметов Әлішер және 10-сынып оқушысы Қасиман Әлемханды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
"Әуезді әуен"
07
декабрь
2023
"Әуезді әуен"
Алматы қаласында оқушылар арасында өткен "Әуезді әуен" республикалық ән жарысында 9-сынып оқушымыз Марат Ахмед үш тілде ән шырқап, қазақ тілі бағыты бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды. Оқушымызды, жетекшілерін және ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз!
ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА
01
декабрь
2023
ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА
2023 жылдың 2-3 желтоқсан күндері Алматы қаласында өткен "Математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің Х Халықаралық АҚТЫҚ шығармашылық байқауы өтті. Бұл байқауға лицейіміздің намысын қорғап, бақ сынап жүлделі ІІ орын алған математика пәні мұғалімі Әнуарбеков Тынышбек Сұлтанбекұлын құттықтаймыз! Алдағы ұстаздық жолында шығармашылық табыс пен жеңістер тілейміз!