10
январь
2024
ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
2024 жылдың 8-13 қаңтары аралығында Алматы қаласында мерейтойлық ХХ Халықаралық Жаутіков олимпиадасы өткізілді. Халықаралық олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайджан, Армения, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния сынды 14 елден 600-ге жуық дарынды оқушылар қатысты. Соның ішінде біздің лицейіміздің де оқушылары қатысты: Ахметов Әлішер, Маратұлы Алинур, Касиман Алемхан, Нұржанұлы Нұрәділ. Олимпиада қорытындысы бойынша информатика пәнінен 11-сынып оқушысы Ахметов Алишер жоғары нәтиже көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды. Алишерді оның ата-анасын және дайындаған ұстазын жеңіспен құттықтаймыз!