16
май
2022
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕНДЕЛЕЕВ ОЛИМПИАДАСЫ
ХИМИЯДАН 56-ШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕНДЕЛЕЕВ ОЛИМПИАДАСЫ
Химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасында Қазақстандық оқушылар 8 медаль жеңіп алды.
Қазақстан қоржыны тағы да халықаралық олимпиада жүлделерімен толықты. Химиядан 56-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Соның ішінде біздің лицейіміздің 10 сынып оқушысы Мамырбеков Бекболат жүзден жүйрік болып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, қола медаль иегері атанды.
Зияткерлік сайыстар 9-16 мамыр аралығында Ташкентте (Өзбекстан) офлайн форматта өтті.
Қазақстан құрамасы атынан Қарағанды, Ақтау, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Павлодар және Ақтөбе облыстарынан 10 және 11 сыныптардың 12 оқушысы қатысты.
Олар ТМД, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің оқушыларымен білім сайысында бақ сынасты.
Олимпиаданың жеңімпаздарын және ата-аналарын құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!