16 Халықаралық Жәутіков олимпиадасы 2020
2020 жылдың 8-14 қаңтары аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты дамыту, ғылыми білімді насихаттау және физико-математикалық мектептер арасындағы байланысты нығайту.
Жәутіков олимпиадасы бірегей олимпиада болып саналады, осында жеке рейтинг пен алыс және жақын шетелдердің үздік мамандандырылған мектептерінің мықты командалар рейтингісі шығарылады.
Халықаралық олимпиадаға 18 елден 600-ге жуық дарынды оқушылар қатысты.
Халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен, сонымен қатар ең үздік көрсеткіш дипломымен және ақшалай сыйлықпен 11 сынып оқушысы Байболов Темірлан марапатталды