06
январь
2020
Жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
2020 жылдың 4-7 қаңтары аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 2020 жылдың Үздік олимпиадалық командасы болып Өскемен және Семей қалаларының облыстық мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің құрамалары атанды.
Жалпы 44 оқушы олимпиадаға қатысып 36 оқушы жүлделі орындармен марапатталды.
І орын - 17ІІ орын - 13
ІІІ орын - 6