13
май
2022
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы
2022 жылдың 11-13 мамыры аралығында Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында 7-8 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және резервін құру.
Олимпиада 7-8 сыныптар үшін математика, физика, химия, биология және информатика пәндері бойынша өткізілді.
Олимпиадаға республикамыздың 236 дарынды оқушысы қатысты. Шығыс Қазақстан облысының намысын 11 оқушы қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
II дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 7 сынып оқушысы Нұрболат Азамат;
III дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен:
- Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Маратұлы Әлинұр;
- Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Болатхан Ислам;
- Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Касиман Алемхан;
- Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 7 сынып оқушысы Тұрсынхан Шынғыс марапатталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасы:
- Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Советханов Мақсатқа;
- Семей қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Увалиев Әділжанға табысталды.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!