Жетістіктеріміз » Страница 2 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
«Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел»
30
ноябрь
2023
«Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел»
Қазақ халқының рухани мұрасын, салт-дәстүрлерін танымал ету, оқушылардың мәдениетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қолдау және жалпыадамзаттық және адал, саналы, жасампаз азаматтар тәрбиелеу мақсатында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында облыстық «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың конкурсы өткізілді. 1-кезеңнің нәтижесі бойынша лицейіміздің төмендегі оқушылары дипломдармен марапатталды.  Есбол Ернар -І орын
Аймақтық баскетбол.
25
ноябрь
2023
Аймақтық баскетбол.
Сүйінші! 2023 жылдың 25 қараша күні өткен аймақтық баскетбол жарысынан лицейіміздің баскетбол командасы жүлделі І орынды қанжығалады. Жігіттерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, республикалық тартыста сәттілік тілейміз!
Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі
22
ноябрь
2023
Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі
2023 жылдың 22 қарашасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурсқа барлық аудандар мен қаладан келген 200-ден астам оқушының ішінде біздің лицейдің оқушылары да қатысты. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша командалық түрде 11-сынып оқушылары Ибраев Мирас пен Ахметов Әлішер - 2 орын, Қасенұлы Есжан мен Нұрланбек Ералы - 3 орын және 10-сынып оқушысы Алтынбек Нұрдәулет - 3 орынды иеленді.
"Ақбозат" ұлттық мектеп лигасы
16
ноябрь
2023
"Ақбозат" ұлттық мектеп лигасы
Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында шахматтан "Ақбозат" ұлттық мектеп лигасында 9-11 сынып арасындағы жарысқа қатысып, жүлдері орындарды иеленген төмендегі оқушыларымызды құттықтаймыз! Әбдікәрімов Райымбек - 1 орын, 9-сынып,  Құрманбаев Санжар - 1 орын, 10-сынып, Дәулетқанов  Сырым - 1 орын, 10-сынып.  Сонымен қатар, Өскемен "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейі жалпыкомандалық есепте І орынды иеленді.
Химия пәні бойынша республикалық Қ.Сәтбаев олимпиадасы
02
ноябрь
2023
Химия пәні бойынша республикалық Қ.Сәтбаев олимпиадасы
2023 жылдың 30 қазан мен 2 қараша күндері аралығында Жезқазған қаласында 9 сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша Қ.Сәтбаев олимпиадасы өтті. Аталмыш олимпиаданың қорытындысы бойынша оқушымыз Бекболатов  Ерназар лицей қоржынын тағы бір қола медальмен толықтырып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ерназарды, ата-анасын және ұстаздарды кезекті жеңіспен құттықтаймыз!
XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
03
октябрь
2023
XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында 2023 жылдың 03 қазанында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Президенттік олимпиадаға аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Оқушылар бір мезетте математика, физика, биология, және
Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған қазақ күресі
27
сентябрь
2023
Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған қазақ күресі
2023 жылғы 27-28 қыркүйек күндері ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы Өскемен қаласында дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты ғимаратында Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының мектеп оқушылары арасында халық қаһарманы Р. Қошқарбаевты еске алуға арналған қазақ күресі жарысының облыстық кезеңін өткізді. Жарыстың мақсаты – қазақ күресін мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау және бұқаралық сипатын арттыру. Жарыста Шығыс
«SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионаты
21
апрель
2023
«SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионаты
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы аймақтық кәсіпорындармен бірлесіп ағымдағы жылдың 24-28 сәуір аралығында Өскемен қаласының Құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждерінің базасында 30 негізгі құзыреттер және құрылыс, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, шығармашылық және дизайн, өнеркәсіптік өндіріс, қызмет көрсету және көлік бағыттары бойынша WorldSkills Shygys аймақтық чемпионаты өткізілді.  Кәсіби шеберлік чемпионаты өңірімізде 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. 2016
Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
13
апрель
2023
Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық
2023 жылдың 13 сәуірінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушыларын анықтау және қолдау көрсету болды. Олимпиадаға аудандық/қалалық кезеңдерден өткен қазақ тілінде
«Туған ел. Туған жер. Туған глобал»
13
апрель
2023
«Туған ел. Туған жер. Туған глобал»
2023 жылдың 13 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Туған ел. Туған жер. Туған глобал» атты Қазақстан тарихы, өлкетану және археология бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.  Олимпиаданың мақсаты – оқушыларды тарихи сананы қалыптастыруға жәрдемдесу үшін Қазақстан тарихы, өлкетану білімі мен зерттеулеріне тарту Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін