«SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионаты » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » «SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионаты
21
апрель
2023

«SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионаты

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы аймақтық кәсіпорындармен бірлесіп ағымдағы жылдың 24-28 сәуір аралығында Өскемен қаласының Құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждерінің базасында 30 негізгі құзыреттер және құрылыс, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, шығармашылық және дизайн, өнеркәсіптік өндіріс, қызмет көрсету және көлік бағыттары бойынша WorldSkills Shygys аймақтық чемпионаты өткізілді. 
Кәсіби шеберлік чемпионаты өңірімізде 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. 2016 жылы 6 құзыреттілік бойынша 7 қатысушымен өткізілсе, бүгінгі күні  30 құзыреттіліктен  120-дан астам студент, колледж түлектері және жұмысшы жастар қатысуда.
Бұл чемпионатқа лицейімізден бағдарламалау бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Ахметов Алишер, Ибраев Мирас - 1 орын, Робототехника бағыты бойынша МәуітбекСабыржан, Құдайбергенов Ратмир, Самиғолда Ақжол - 3 орынды иеленді.

Аймақтық чемпионат жеңімпаздары биыл маусым айында Астана қаласында өтетін «WorldSkills Kazakhstan-2023» ұлттық чемпионатында облыс құрама командасының намысын қорғауға мүмкіндік алады.
Байқауға қатысушыларға сәттілік, шығармашылық шабыт және жоғары кәсіби жетістіктер тілейміз! Ең мықты жеңіске жетсін!