Көңілді тапқырлар лигасы аймақтық кезең » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » Көңілді тапқырлар лигасы аймақтық кезең
03
декабрь
2021

Көңілді тапқырлар лигасы аймақтық кезең



«Көңілді Тапқырлар Лигасы» – тапқырлығы мен әзілі жарасқан шығармашыл жастардың басын қосатын алаң. Көңілді тапқырлар лигасының мақсаты – бәсекелестік арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлау дағдыларын дамыту және дүниетаным, сыни, креативті көзқарастары мен рухани құндылықтарын өрістетін дағдыларды жетілдіру.
Лицейіміздің «Рақмет,Ғибрат» командасы 3 желтоқсан күні Астана қаласында өткен Көңілді тапқырлар лигасының Шығыс аймақтық кезеңіне қатысты. Команда жетекшісі Заманиянов Ғибрат.Команда құрамында: 9А сынып Жанасыл, 10А сынып Омар, Ризабек, 10Б сынып Арсен, Амир және 11Б сынып оқушысы Марат.
Шығыс аймақтық кезеңіне қатысқан командалар: Нұр-Сұлтан қыз — 187 үй, Павлодар — Синдикат, Екібастұз —Ойнап айтам, Өскемен NURORDA — ШҚОлад, Павлодар қыз — 6 мадам, Нұр-Сұлтан — Шаңыраққа қара, Семей— SBIL GATES,Өскемен — Рахмет, Ғибрат!, Нұр-Сұлтан — Нуродинари.
Лига 3 кезеңнен тұрды Бастауыш, оқиғалық ширату және еркін сайыс. 3 сайыс нәтижесінде 9,07 ұпаймен президенттік кубокка жолдама алды.