«Екі жұлдыз» жобасы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
24
февраль
2022

«Екі жұлдыз» жобасы


Лицейімізде қазақ тілі апталығына орай лицей ұжымы және оқушыларының арасында «Екі жұлдыз» сайысы өтті. Сайыс барысында бір қызметкер бір оқушы бірігіп бір жұп болды. Басты талап жанды дауыста қазақ тілінде ән шырқау. Заманауи немесе дәстүрлі қазақ әндерін, қазақ композиторларының әнін шырқаса да шектеу қойылмады. Және тағы қойылған талаптар: қазақтың ұлттық киімін кию, сахна мәдениетін сақтау, артқы көрсетілім немесе көрнекілік пайдалану.
Сайысқа 7,8,9,10,11-сынып оқушылары және пән мұғалімдері, тәрбиешілер, бас бухгалтер, іс жүргізуші, кадрлар бөлімінің инспекторымен 11 жұп қатысты.Олар:
1. Нуртаза Ельжас Тулюханулы, Тұрғамбек Бектенәли 
2. Көшубаева Әлия Сейілханқызы,Темирханов Нурасыл
3. Калигужанова Гульнар Кадылбековна, Марат Ахмет
4. Рысбек Сандуғаш Ақылқызы, Ердуман Амир
5. Жумабекова Алтынай Жумартбековна,   Жарылқасын Нурдаулет
6. Қанапиянова Наргиз Мырзабековна, Тойғанбаев Али
7. Заманиянов Ғибрат Ерболатұлы, Есенгелді Ерасыл
8. Бақытбекова Лейла Бақытбекқызы, Нұрланбек  Ералы
9. Қадырбек Арай, Асыланұлы Диас  
10. Құттыбаева Айгерім Булатбековна, Зейнелгазинов Айсұлтан
11. Кошубаев Дидар Сержанович, Қалиев Ануар 
Әділ қазылар алқасы мүшелері – лицей директоры А.Ш.Темірқұл және № 1 балалар музыка мектебінің мұғалімі – Рахимбаева Қымбат Серіковна.
Жұптардың таңдаған әндері әртүрлі болды: «Әндетемін», «Жолда», «Қағаз кеме», «Ханшайым», «Әке», «Мектеп», «Жақсы адамдарым», «Мен қазақтың баласы», «Сен келерсің бір күні» әндері шырқалды.