«1st Oskemen hackathon» хакатоны » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » «1st Oskemen hackathon» хакатоны
15
май
2022

«1st Oskemen hackathon» хакатоны





Балалар жылы аясында оқушылар арасында IT саласын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 14-15 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы IT-club авторы Быржан Бэкович Ауезов және ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ оқушылары Ануарбеков Меир, Есенгелді Ерасылмен бірлесіп Өскемен қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 10 және 11 сынып оқушыларына арналған «1st Oskemen hackathon» хакатоны - бірінші IT-семинарын өткізіді.
IT-хакатонға қатысушыларды питчингке оқытуды (жобаның қысқа құрылымдалған презентациясы) Google, Yandex-те тағылымдамадан өткен Nazarbayev University студенті - Еркимбеков Алишер жүргізді.
10-11 сыныптардың 45 оқушысы ауа райын болжау сайттарын немесе қосымшаларын әзірлеу бойынша 15 топта жұмыс істеді:
5 команда - ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ,
3 команда – «Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы, 
2 команда – ШҚО ББ Өскемен қаласының білім бөлімінің «Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ, 
ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, 
ШҚО ББ Өскемен қаласының білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі» КММ, 
ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, 
ШҚО ББ Өскемен қаласының білім бөлімінің «№46 орта мектеп» КММ,
ШҚО ББ Өскемен қаласының білім бөлімінің «№48 қосымша білім     беру мектеп-орталығы» КММ.
Әділ-қазылар алқасының мүшелері: 
Еркимбеков Алишер, Nazarbayev University студенті, Google, Yandex тағылымгері;
Тикенов Азамат, EPAM компаниясының әзірлеушісі,
Увалиева Индира Махмутовна, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ PhD докторы, республикалық және халықаралық жобалық жарыстар жүлдегерлерінің тәлімгері
Командалардың жұмысы келесі критерийлер бойынша бағаланды: 
1) кодтың оңтайлылығы және техникалық тапсырмаға сәйкестігі,
2) пайдаланушы интерфейсі,
3) жобаны қорғау.
IT-Хакатон қорытындысы бойынша бірінші жүлделі орын – Өскемен қаласының ХББ НЗМ «Marin» командасына берілді; 
Екінші орын - Өскемен қаласының ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ «Reseba» және Өскемен қаласының ХББ НЗМ «Codesigners» командалары арасында бөлінді;
Үшінші орын - ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ «ABCXD», ШҚО ББ Өскемен қаласының білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ «Computer Science» және «Нитроглицерин» ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ командалары арасында бөлінді.
Семинардың соңында кері байланыс жүргізілді, онда қатысушылар іс-шараның өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті, өз тәжірибесінде одан әрі пайдалану үшін үлкен тәжірибе алды.