ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
04
февраль
2022

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР


2022 жылдың 04 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ШҚО бойынша біліктілік арттыру институты филиалы   арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Құжат өзара ынтымақтастық, бірлескен инновациялық жобаларды әзірлеу, білім беру сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізуге бағытталды. 
Сондай-ақ тәжірибе алмасу, семинарларды, тренингтерді және басқа да шараларды ұйымдастыруға арналған алаңдар туралы ақпараттар берілді.  "Педагогикалық даңқ" мұражайына, "MakerSpace", "Өзін-өзі тану" кабинеттеріне, бейнестудияға, "Монтессори", ЖМЦ, ақпараттық-әдістемелік орталықтарымен таныстырылып, "Преподаватели үйіне" экскурсия ұйымдастырылды.