04
январь
2024
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
Көптен күткен жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі де өз мәресіне жетті. Лицейіміздің намысын қорғап, қоржынымызды 22 алтын, 23 күміс және 7 қола медальдармен толықтырған оқушыларымыз тағы бір мәрте өз білімдерін дәлелдеді. 53 жүлделі орынмен лицейіміз жалпы командалық есепте “Ең үздік олимпиадалық команда-2024” номинациясы бойынша 1 орынды иеленді. Барлық оқушыларды, ата-аналарды және дайындаған ұстаздарды кезекті жеңісімізбен құттықтаймыз!