1-НАУРЫЗ - "АЛҒЫС АЙТУ" КҮНІ » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » 1-НАУРЫЗ - "АЛҒЫС АЙТУ" КҮНІ
01
март
2021

1-НАУРЫЗ - "АЛҒЫС АЙТУ" КҮНІ

Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Тұңғыш Президентінміз «Алғыс айту күні» туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да жақындастыра түспек. Бұл күн  - мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.
Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. «Алғыс айту күні» – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік-ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Осыған орай лицейімізде алғыс айту күніне арнайы іс-шаралар жоспарланды. Жоспар бойынша «Жүректен жүрекке» атты АЛҒЫС ағашы лицейімізде бойтүзеді. Бұл ағаштың ерекшелігі – өзінің бойына тілектер мен алғыстарды қабылдайды. Сондай-ақ, армандардың орындалуына қолдау болады. Сол себептен де лицей оқушылары мен ұстаздары өздерінің арман-тілектерін бұл ағашқа орналастыруға асықты.
1 – наурыз алғыс айту күніне орай жоспарланған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Балаға жүрек жылуы» атты сыныптарға тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақ барысында балаларға ой салатын әр түрлі сұрақтар қойылып, оқушыларға үлгі боларлықтай бейнероликтер көрсетілді. Сабақтың басында оқушыларға «Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?», «Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіре алады?» - деген сұратар қойылып, тақырыпқа байланысты дайындалған слайд көрсетілді. Сонымен қатар, «Рақмет» сөзінің әр тілдегі аудармасын айттып, өздері көңілі қалаған адамдарына, туған елі мен туған жеріне алғыстарын білдірді. 


Оқушыларымыздың лицейдегі тазалықшы апайларды айтулы мерекемен құттықтап, өз алғыстарын білдіру сәтінен.

Оқушыларымыздың лицейдегі асханашы апайларды айтулы мерекемен құттықтап, өз алғыстарын білдіру сәтінен.
9 сынып оқушылары білім ордамыздың асханашы апайлары мен тазалықшы апайларын «Алғыс айту күні» мерекесімен құтықтады, 9 «А» сынып оқушысы Есенгелді Ерасыл «Ерке сылқым» күйін орындап, өмірлері мәнді де сәнді болсын деген ниетпен тәтті торттарын ұсынды.
Оқушыларымыз лицейдегі ардақты ұстаздарымызды 1 наурыз – алғыс  айту күнімен құтықтап, өз алғыстарын білдіре отырып «Albeni» шоколадтарын таратты.



10 Б және 9  сынып оқушыларының «Алғыс айту күніне» орай  арнайы дайындаған бейнеролигі