«Рухани келісім күні» » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » «Рухани келісім күні»
18
октябрь
2021

«Рухани келісім күні»


18-қазан «Рухани келісім күні». Діни келісім-бірлік пен тұрақтылық кепілі күніне байланысты 19 қазан күні лицейімізде 10-11 сынып оқушыларымен Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлерімен «Қазіргі Қазақстандағы ислами ағымдардың іс-әрекеттері» атты кездесу өтті.
Бірінші сөз кезегін алған діни ағымдар: «Александриялық салафилер», «Мадхали» ұстанымындағы салафилер, «Тәкфірші-жиһадшыл» идеяларды ұсынған ұйымдар жайлы сөз қозғады. Қазақстандағы салафилік идеологияға негізделген ұйымдар және олардың  іс-әрекеттері, жетекшілері жайлы толық мағұлмат берді. Қазақ халқының діни ұстанымдары мен көзқарастарын, ұлттық рухани тарихты жоққа шығара отырып, өздерін Қазақстанға «шынайы» исламды таратушы жамағат ретінде танытуға тырысатын салафилік ағымдар жайлы айтты. Сол ағымдар арқылы қазақстандық қоғамның рухани негіздерін ыдыратуды, діни-ұлттық бірегейлікке нұқсан келтіруді, ішкі тұтастықты бұзуды көздейтіндігін, ол ағымға кіру оңай болғанымен шығу қиын екендігін нақтылап айтты. Қазақстандағы түрік жамағаттары «Нұршы», «Гүленшілік», «Топбашшы», «Исмаил аға», «Ихласшылар», «Мәнзіл» жайлы айтты
Келесі сөз кезегін алған        қазіргі әлеуметтік желілерде дін туралы мәліметтердің, видеолардың,парақшалардың көп екендігін, оларға тіркеліп, мәліметтер нақты болмаса сенбеу керек екендігін айтты. Және де тыйым салынған парақшаларға кірген кезде телефон номерлеріне ескерту хабарламасы келетіндігін ескертті. 
Школьникам жадынама қағаздарын таратты. Лицей оқушылары өздерінің ойларындағы сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауап ала алды.