«Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары марапатталды » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары марапатталды
17
март
2022

«Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары марапатталды







17 наурыз күні лицейімізде  «Елбасы медалі» жобасының қола жүлдегерлерін лицей директоры А.Ш.Темірұл марапаттап, медалдарын табыс етті. «Елбасы медалі» жас буынды жан-жақты дамытуды көздейтін ұлттық деңгейдегі бірегей бағдарлама  Өткен оқу жылында 30ға жуық оқушымыз қатысып алтын, күміс, қола медалдарын алса, биылғы оқу жылында 5 оқушымыз қатысып қола жүлдегер атанды. Олар:
9б сынып оқушысы Ибраев Мирас, Байғұнақов Мади және Төреханұлы Нұртөре, 10а сыныбынан Каликарманов Тимур және Асқар Алишер. Олар 6 ай бойы жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді. Спортпен шұғылдану, өнерге бет бұру, төл мұраны дәріптеу, қайырымдылық жасау мен кітап оқудан сынақ тапсырды.
Жүлделі оқушыларымызды құттықтаймыз. Жеңістеріңіз көп болсын!!!