«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » «Сыңғырла, соңғы қоңырау!»
25
май
2022

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»




25 мымыр күні кең-байтақ Отанымыздың барлық өңірлеріндегі білім ұяларында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тіледі. Он бірінші сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алып жатса, қалған сынып оқушылары бір сатыға көтеріліп, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналды. 
Лицейіміздің ауласында өткен соңғы қоңырау жиынын 11-сынып оқушыларын қарсы алумен басталды. 5 жыл тәлім-тәрбие алған лицейімен қоштасу кімге болса да оңай тимесі анық. Мемлекеттік әнұран шырқалғаннан кейін лицей директоры А.Ш.Темірқұл оқу жылының аяқталуымен барша ұстаздарды,оқушыларжы,ата-аналарды құттықтап, жазғы демалысты жақсы өткізуді тіледі. Келесі сөз кезегін алған лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Еркежан Кумаркановна оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықпен таныстырып, жазғы мектеп туралы баяндады.
Жәнеде оқу жылының аяқталуымен құттықтап, 7-8,10-сыныптарды үздік аяқтаған оқушылдарға мақтау қағазы табысталды. Жалпы орта мектепті бітірушілерге мемлекеттік емтиханда сәттілік тіледі.
Жаңа өмірге аяқ басқалы отырған 11-сынып оқушыларына сәттілік тілеп, артар сенімдері мол екендігін, алдағы сынақтардан сүрінбей өтулеріне тілектес екендігін айтты.
            Келесі кезекте 11-сынып оқушылары 10-сынып оқушыларына ту табыстау рәсімі өтті. Бітіруші түлектер туды табыстай отыра, артынан ерген ізбасарларына артар зор сенім мен мол үміт жүктейтіндігін, ізбасарлары сенім ақтауға тырысатындықтарын, туымызды асқақтата желбіретуге күш – жігерлерін аямауға ант етті.
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылды. Соңғы қоңырауды «Алтын белгі» иегері Маузия Мирас пен 7-сынып үздігі Бекболатов Ерназар соқты. Осылайша жылдың қортыныды шарасы өз мәресіне жетті.