«Анамның тілі-аяулы тілім» көрмесі » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » «Анамның тілі-аяулы тілім» көрмесі
13
сентябрь
2022

«Анамның тілі-аяулы тілім» көрмесі

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай лицейіміздің 7-сынып оқушылары 13-14 қыркүйек күндері Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханаға саяхат жасап қайтты. 

Оқушыларымыз Қазақстан Республикасы Тілдер күніне орай ашылған «Анамның тілі-аяулы тілім» атты кітаптар көрмесімен және «Оюлар сөйлейді» көрмесін тамашалады. Сонымен қатар Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының  қиындыққа толы өмірімен және шығармашылығымен танысты. Сұрақ-жауап сайысына қатысқан жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Оқушылардың кітапқа деген ынтасын ояту мақсатында, Алтайдың мұзбалағы атанған жазушы Оралхан Бөкейдің шығармаларымен де таныстырылды. Осы орайда балалар кітапханамыздағы жаңа технологияларды көріп, қосымша білім алуға қызығушылық танытқаны байқалды.


Оқушыларымыз қойылған сұрақтарға жауап беру үстінде