Отбасы-бақыт мекені » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
17
сентябрь
2022

Отбасы-бақыт мекені

Отбасы- адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
      Бүгінгі таңда құндылықтарға негізделген білім беруде отбасының орны ерекше. Үштік одақ бірігіп жұмыс жасау барысында «ата-ана, бала және мұғалім» басты мақсат – ел болашағына үлес қосар жас ұрапақ тәрбиелеу. Осы мақсатта біздің лицей ата-аналармен тығыз байланыста. 5-9 қыркүйек аралығында «Отбасы ынтымақтастығы-тәрбие бастауы» атты Отбасы күніне және «Ынтымақтастық» айына орай апталық өткізілді. Басты мақсат- оқушыларға отбасы құндылығын дәріптеп, ынтымақтастықты арттыру.
      Апталық аясында «Отбасы-тәрбие көзі» атты сынып сағаттары өткізілді. 
   Және 8-сынып оқушылары «Отбасы жарастығы» тақырыбында эссе жазды.
Демалыс күндері әр сынып оқушылары және ата-аналар табиғат аясына демалысқа шықты. Демылыс барысында ынтымақтастықты арттыратын түрлі 
ойындар ойнатылды.
       Іс-шаралар бұнымен аяқталмады, 17 қыркүйек күні 7-10 сыныптар арасында «Толағай» көңілді сөре сайысы өткізіледі. Әр сыныптан 1 әке, 1 ана және 1 бала шығып, бір топ құрайды. Бірігіп әрекет етуінің арқасында қай топ жеңіске жететіні анықталады. 
    Елімізде берекелі, ынтымағы жарасқан отбасылар көп болсын!