"Зерде" зерттеу жобалары конкурсы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » "Зерде" зерттеу жобалары конкурсы
04
ноябрь
2022

"Зерде" зерттеу жобалары конкурсы

2022 жылдың 4 қарашасында 2-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңін өткізілді.

Конкурстың мақсаты - оқушылардың зерттеушілік және оқу-танымдық белсенділігін дамыту және қолдау, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу.

Облыстың барлық аймақтарынан келген 400-ден астам жас зерттеушілер – аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары 12 секция бойынша конкурсқа қатысты.   

Зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын жас зерттеушілер филология, тарих, техника және жаратылыстану ғылымдары, сонымен қатар медицина және психология, технология және өнер, туризм және спорт салаларында өздерінің жұмыстарын ұсынды.

Облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдарынан құралған қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалады.

Конкурс қорытындысы бойынша  7 б сынып оқушы Қадылбеков Ринат  және Нурланов Диас ІІІ дәрежелі димломмен марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.