Республикалық Лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңі » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » Республикалық Лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
10
ноябрь
2022

Республикалық Лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңі


2022 жылдың 10 қарашасында 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. 

Олимпиаданың мақсаты - дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика пәні бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету.

Олимпиадаға 8-11 сыныптарының аудандық (қалалық) кезеңнің жүлдегерлері қатысты. 

Оқушылар белгіленген уақыт ішінде, оларға таныс емес тілде деректерді қамтитын бірнеше тапсырмаларды талдап, шешті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 11«Б» сынып оқушысы Ерлан Есіл 3 орынды иеленді. Есілді жүлелі жеңісімен құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!