10
ноябрь
2023
Оқу-ағарту министрімен кездесу
2023 жылдың 10 қараша күні оқу-ағарту министрі Бейсенбаев Ғани Бектайұлы облысымызға жұмыс сапарымен келу барысында олимпиада жүлдегерлерімен кездесу өткізді. Бұл кездесуге лицейіміздің де оқушылары Матвеев Тимур, Төреханұлы Нұртөре, Қасиман Әлемхан қатысып, министрге жетістіктерімен және алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Кездесу соңында Ғани Бектайұлы оқушыларға отандық білім беру саласына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, биік шыңдарды бағындыруларын тіледі! Бұл кездесуде оқушыларымыз ерекше әсерге бөленді.12:28