Отансүйгіштік
Отансүйгіштік өздігінен қалыптаспайды, ол үшін бірнеше алғышарттар қажет:
1. Төл тарихын білу;
Кез келген мемлекеттің құрылуында өзіндік сыр бар. Сол тарихи терең меңгеру арқылы Отанның қадірі артады. Өткенімен мақтана алатын ұрпақ тәрбиелеу, болашаққа алаңсыз қадам жасатады.
2. Ана тілді құрметтеу;
Тілсіз қоғамның қандай түрі болмаса да өмір сүре алмайды, тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет.
3. Ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты қадірлеу;
Б. Момышұлы «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті.