Информация » Страница 2 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
14
апрель
2024
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 6 сәуірінен бастап 11 мамыр аралығында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтеді. Тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау-әрбір азаматтың міндеті, парызы. Мемлекет басшысының көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі тапсырмаларын Өскемен "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейінің ұжымы мен оқушылары қолдап, тазалық жұмыстарын жүргізе бастады. Лицей аумағын қоқыстардан тазарту, талдар мен гүлдер егу, көктемгі көгалдандыру
"Күшіміз бірлікте!"атты қайырымдылық жәрмеңкесі
12
апрель
2024
"Күшіміз бірлікте!"атты қайырымдылық жәрмеңкесі
Елімізде болып жатқан табиғи апаттардың кесірінен қиындыққа тап болған Отандастарымызға көмек көрсету мақсатында лицейімізде 12 сәуір күні  "Күшіміз бірлікте!"атты қайырымдылық жәрмеңкесі  жоғары деңгейде өткізілді. Осы игі іс-шараға ат салысқан барлық ата-аналарымызға,  мұғалімдерге, оқушыларымызға ерекше алғысымызды білдіреміз!  Жамандықтың барлығы артта қалып, жақсы күндеріміз көп болсын!
36 Азия-Тынық мұхиты және 13 "Жібек Жолы" Халықаралық олимпиадалары
13
март
2024
36 Азия-Тынық мұхиты және 13 "Жібек Жолы" Халықаралық олимпиадалары
Сүйінші!!! 2024 жылдың 11-13 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен математика пәнінен 36 Азия-Тынық мұхиты және 13 "Жібек Жолы" Халықаралық олимпиадаларында 10-сынып оқушысы Маратұлы Әлинұр жоғарғы нәтиже көрсетіп, КҮМІС медаль иегері атанды!  Олимпиадаға 38 ел қатысып, жүздеген оқушылар бақ сынысты. Соның ішінен топ жарып шыққан Әлинұрды, даярлаған ұстазын және ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз! Әлинұрға тек сәттілік тілейміз!
КІТАП ОҚУ АКЦИЯСЫ-2024
13
март
2024
КІТАП ОҚУ АКЦИЯСЫ-2024
Кітап оқу - бұл ой-санаңды кеңейтіп, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретеді, өзіңді тануға және қоршаған ортаны шынайы тани білуге көмектесетін баға жетпес әрекет. Қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі.  Оқыған адамның күні қашан да жарық. Осыған орай лицей оқушылары мен ата-аналарына арналған кезекті "Кітап оқу акциясы-2024" сайысы өтетінін хабарлаймыз. Басты шарт - тізімде сізге берілген кітапты оқып, сол кітап бойынша тест тапсыру.
Аттестация 2024
06
март
2024
Аттестация 2024
Лицей директоры Р.Оксюз және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.К. Муратова  педагогтерді аттестаттау қағидаларына енген өзгерістерді талқылау жұмыстарын жүргізді.
Аттестация 2024
04
март
2024
Аттестация 2024
2024 жылы 5 наурыз күні әкімшілік отырысында педагогтерді аттестациялау қағидаларының жобасын талқылау жұмыстары жүргізілді. 
ПЕДКОНСИЛИУМ
10
февраль
2024
ПЕДКОНСИЛИУМ
2024  жылдың 9 ақпан күні 7-10 сынып ата-аналарына арналған кезекті педконсилиум өтті.  #Біртұтас_тәрбие # Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
08
февраль
2024
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
8 қаңтар күні «Окуга куштар мектеп» жобасы аясында Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы негізінде әдеби оқу өткізілді. #Біртұтас_тәрбие