Жетістігіміздің жемісі! » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
28
ноябрь
2019

Жетістігіміздің жемісі!

2019  жылы 27 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаттарымен, еліміздің талантты жастарымен кездесті. Аталмыш шараға Өскемен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің  11-сынып оқушысы Байболов Темірлан, химия пәнінің мұғалімі Хасен Темірлан және лицей түлегі Ернат Бекзат  қатысты. Елбасымен кездесу барысында «Ел үміті» бастамасы аясында халықаралық олимпиада жеңімпаздарына алғаш рет «Ел мақтанышы» сыйлығы табысталды. Оқушымыздың халықаралық білім додаларында Қазақстанның атын  шығарып, намысын қорғағанын мақтанышпен айта отырып, осындай жетістікке жету жолында талмай еңбек еткен ұстаздарға, үнемі қомқар болып, қолдау көрсеткен ата-аналарға алғысымыз шексіз!