Құрмет етсең, құрмет көрерсің тақырыбында кітапханада өткен тренинг
Құрмет етсең, құрмет көрерсің 16-17 қазанда кітапханада қазан айының құндылығы «құрметке» байланысты 7 «б» және 7 «а» сынып оқушыларына «Құрмет етсең, құрмет көрерсің» атты тренинг сабақ өткізілді. Бұл сабақтың мақсаты: оқушыларды бір-біріне, сондай-ақ табиғатқа құрмет көрсетуге үйрету, қамқорлыққа тәрбиелеу. Тренингте әртүрлі көрнекіліктер қолданылып, презентация, видеоролик көрсетілді.