32- ші Халықаралық олимпиада IOI қорытындысы
Информатикадан 32-Халықаралық олимпиада 2020 жылдың 13-19 қыркүйегі аралығында онлайн режимде өтті. Жарыста әлемнің 80-нен астам мемлекетінен келген командалар қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы атынан қатысқан 4 қатысушының ішінен лицейіміздің түлегі Байболов Темірлан жоғары білімін көрсетіп, КҮМІС медаль иесі атанды. Темірланды, ата-анасын және ұстаздарын құттықтаймыз!