Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық
2022 жылдың 13 сәуірінде «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен 7-8сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және резервін құру.