«Өзгеге жасаған ізетің-өзіңе жасаған құрметің»
Қазан айының құндылығы-құрмет. Құрмет-елге,жерге,тілге,адамзатқа,ұлтқа қатысты мәдени-тарихи құндылықтарды жоғары бағалайтын эстетикалық және этикалық көзқарастар жиынтығы. Құрметтің бастауы-адамның өзі.Яғни өзін құрметтей алған жан өзгелерді де құрметтейді. Сонымен қатар, құрметтеудің тармақтары: 1) Өзіне құрмет; 2)Ата-ана мен ұстаздың еңбегіне құрмет; 3)Ана тіліне құрмет; 4)Отанына және қоршаған ортасына құрмет; 5)Ұлттық құндылықтарға құрмет.