«Өркениет пен ізгілік бастауы – білімде»
Білім көрмесі-2023 2023 жылдың 10 ақпан күні Жекпе-жек сарайында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының қолдауымен Өскемен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі және «Нұрорда» мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Өркениет пен білім бастауы – білімде» атты білім көрмесі өткізілді. Өскемен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 30-жылдығы аясында, оқушылардың білім беру идеяларын ұсыну және өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген білім көрмесіне қала мектептерінің 2000-ға жуық ұстаздары мен оқушылары тамашалады.