Материалы за 13.03.2024 » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» Материалы за 13.03.2024
36 Азия-Тынық мұхиты және 13 "Жібек Жолы" Халықаралық олимпиадалары
13
март
2024
36 Азия-Тынық мұхиты және 13 "Жібек Жолы" Халықаралық олимпиадалары
Сүйінші!!! 2024 жылдың 11-13 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен математика пәнінен 36 Азия-Тынық мұхиты және 13 "Жібек Жолы" Халықаралық олимпиадаларында 10-сынып оқушысы Маратұлы Әлинұр жоғарғы нәтиже көрсетіп, КҮМІС медаль иегері атанды!  Олимпиадаға 38 ел қатысып, жүздеген оқушылар бақ сынысты. Соның ішінен топ жарып шыққан Әлинұрды, даярлаған ұстазын және ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз! Әлинұрға тек сәттілік тілейміз!
КІТАП ОҚУ АКЦИЯСЫ-2024
13
март
2024
КІТАП ОҚУ АКЦИЯСЫ-2024
Кітап оқу - бұл ой-санаңды кеңейтіп, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретеді, өзіңді тануға және қоршаған ортаны шынайы тани білуге көмектесетін баға жетпес әрекет. Қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі.  Оқыған адамның күні қашан да жарық. Осыған орай лицей оқушылары мен ата-аналарына арналған кезекті "Кітап оқу акциясы-2024" сайысы өтетінін хабарлаймыз. Басты шарт - тізімде сізге берілген кітапты оқып, сол кітап бойынша тест тапсыру.