ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ АПТАЛЫҒЫ » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ АПТАЛЫҒЫ
22
февраль
2021

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ АПТАЛЫҒЫ



Лицейімізде ақпан айында дәстүрлі түрде өтетін «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты апталық өтті. Апталықтың ашылу салтанатында «Жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбындағы көрініс сомдалды. Апта бойы «Алғыс ағашы» орнатылып, оқушылар мен қызметкерлер өз тілектерімен алғысын жазды. «Мейірім төгетін ана» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Өзін-өзі тану» пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның өмірі мен еңбетері таныстырылды. «Балаға жүрек жылуы» атты сыныптарға тәрбие сағаттары өткізілді. 11Б сынып оқушыларымен «Мақсатқа жетудің 5 қадамы» дөңгелек үстел 9-10 сынып оқушыларымен «Болашақ» бағдарламасының грант иегері, лицей түлегі А.Слямовпен «Мәңгілік ізденіс – мәңгілік жол» тақырыбында онлайн-кездесу ұйымдастырылды. Сондай ақ, 7-8-сынып оқушылары «Мен қамқорлықты қалай түсінемін?» эссе сайысының қорытындысы бойынша 8Б сынып оқушысы Бейісханов Ерасыл марапатталды. 9-сыныптар арасында ұйымдастырылған КВЕСТ ойындары кезінде жасырылған дәйексөздерді табу, сөзжұмбақты шешу, сұрақтарға жауап қайтару және «Достық» тақырыбында бейне-ролик түсіріу т.б. тапсырмаларды бұлжытпай орындаған 9Б, 9С сыныптарының командалары үздік нәтижеге жетті.