«ЖАС КӨШБАСШЫ-2021» құрылтайы - Галстуксыз кездесу » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » «ЖАС КӨШБАСШЫ-2021» құрылтайы - Галстуксыз кездесу
05
ноябрь
2021

«ЖАС КӨШБАСШЫ-2021» құрылтайы - Галстуксыз кездесу



5-6 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «БІЛІМ ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорларына қарасты өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері арасында «ЖАС КӨШБАСШЫ-2021» Құрылтайы өтті. Құрылтайға Қазақстанның әр аймағынандағы «Білім-Инновация» лицейлерінің мектеп президенттерінен құрылған оқушылар қатысты. Кездесуге  лицейіміздің президенті Ринатұлы Ералы қатысты.
6 қараша күні   ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің мектеп президенттері кездесті. «Көшбасшы-2021»  Құрылтайының екінші күніне Асхат Қанатұлы арнайы келіп, мектеп лидерлерімен сұхбаттасты. Бейресми кездесу барысында оқушылар министге бірқатар сауал жолдап, өзара риясыз диолог құрылды. Асхат Аймағамбетов балалық шағынан бастап бүгінгі күннің білім саласы және келешегі жайында тұшымды әңгіме өрбітті. Тағылымды жүздесу барысында Асхат Қанатұлы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің жарқын болашағына сенім білдіретіндігі жеткізді. Құрылтайға қатысқан 39 оқушы министрдің қолынан сыйлық алып, естелік суретке түсті. Екі күндік құрылтай аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, іс-тәжірибе арқылы көшасшылық қабілеттерін ұштады.       Тағылымды жүздесулер мен танымдық бағдарлама мәні артқан мәйекті шараның түйіні болды.