Инспектормен кездесу » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » Инспектормен кездесу
15
апрель
2022

Инспектормен кездесу

15 сәуір күні лицейімізге "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ кәмілеттік жастарға толмағадардың істерін тергеу жөніндегі инспектор майор С.Б.Курмышева 7-11 сынып оқушыларымен «Интернет-алаяқтық» жайлы түсіндіру жұмысын жүргізді.Қазіргі кезде көп кездесетін интернет алаяқтық, ақша сұрау, карточка номерін сұрау, ата-аналарының ИИН сұрау, телефонмен звондап лотериядан ақша ұтап алдыңыз деген хабарласулар көп екендігін, оларға сенбеу керек екендігін айтты. Егерде Каспий карточкасына алданып ақша салып жіберген болсаңыз, ертең заң жолымен болсын ақшаңызды қайтару қиын болатындығын,себебі сіз өз еркіңізбен аударған боласыз деп айтты. Қазіргі оқушылар ата-аналарына айта аламайтын жағдайлар көп екендігі, сондай жағдайда сынып жетекшілеріне айту арқылы бізге хабарласса болады деп айтты.
Тағы бір нәселе қазіргі кезде электронды темекі шегетін жастардың көп екендігін, денсаулыққа зиян екендігімен қатар заңға қайшы екендігін, егер кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдер темекімен ұсталатын болса, жазалау шараларының бар екендігін айтты. Қазіргі кезде түнгі сағаь 22:00-ден 06:00-ге дейінгі уақытта оқушылардың көшеде, кафе, кинотеатрларда жалғыз жүрулеріне болмайтындығы қатаң ескертілді. Тек ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен ғана жүруге рұқсат екендігі, туған әпкесіменде, ағасыменде жүруге болмайтындығы, егер түнде ұсталып қалатын болса жазалау шаралары бар екендігін айтты. Оқушылар өз ойларындағы сұрақтарына жауап ала алды. Түсіндіру жұмыстары оқушыларға пайдалы болды деген сенімдеміз.