«Learn & Chill» ағылшын тілі апталығы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » «Learn & Chill» ағылшын тілі апталығы
11
февраль
2022

«Learn & Chill» ағылшын тілі апталығы













Мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, олардың қабілеті мен тілін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шет тілін құрметтеуге үйрету.
Лицейімізде 7-11 ақпан аралығында «Learn & Chill» атты ағылшын тілі апталығы өтті. Апталық ашылуынан аяғына дейін тосын сыйға толы болды. Апталықтың ашылу салтанатында лицейіміздің дарынды оқушылары заманауи стильдегі бимен және ағылшын тіліндегі жаңаша әнмен қарсы алды. Ашылу салтанатында ұстаздар қауымы да қапы қалмай, We will rock you әнің ұсынды. Алғашқы күні «No backpack challenge» ұйымдастырылып, оқушылар мектепке қол сөмкесінен басқа заттарға оқу-құралдарын салыа келіп ерекше креативтерін көрсетті.
Апта көлемінде әр түрлі қызықты шаралар атап айтсақ, квест, концерт, қоңырау арасында өткізілген шағын жарыстар, есік безендіру, караоке, косплей және кешке де этюдтан кейін жарыстар, сонымен қатар мұғалімдер мен оқушыларға бірдей психологиялық тренингтер өткізілді. Апталық соңында белсенді қатысқан оқушылар сыйлықтармен және мадақтау грамотасымен марапатталды.
Апталық аясында ашық сабақтар ұйымдастырылып, пән мұғалімдері
Құттыбаева Айгерім, Жамболатова Назерке, Серікқалиқызы Жанна, Нуртаза Елжас, Узун Ибрагим 7, 8, 9, 10 сыныптар ағылшын грамматикасына және сөздік қорымен жұмысқа қатысты керемет тәжірибелерімен бөлісті.
Жалпы апталыққа оқушылар мен лицей қызметкерлері белсене ат салысқандықтан, апталық өз мақсатына жете алды.