«Бақ-берекем, құт-мерекем-әз-Наурыз» » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » «Бақ-берекем, құт-мерекем-әз-Наурыз»
02
май
2022

«Бақ-берекем, құт-мерекем-әз-Наурыз»








2 мамыр күні лицейімізде «Бақ-берекем, құт-мерекем-әз-Наурыз» атты лицейшілік Наурыз мейрамы өтті. 7-11 сынып оқушылары, ата-аналары асыға күткен Наурыз мейрамы пандемияға байланысты екі жылдан кейін өтті. 
Наурыз тойы оқушылар мен мұғалімдер бірігіп қойған көріністен басталды. Мерекелік көңіл күй сыйлай отыра, «Нұр-Алтай» би ансамблі «Көктем» биін тарту етті. Жүргізушілеріміз барша жұртшылықты мерекесімен құттықтай отыра, тек жақсылық тіледі. Алғашқы құттықтау сөз кезегі құрметті қонақ Облыстық тәрбие бөлімінен Нускенова Асем Хасеновна және лицей директоры А.Ш.Темірқұлға берілді.
Сайыс шарттары және әділқазылығын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырылды. 
Сахналық қойылымға әділ төрелік еткен:
  1. Лицей директорының орынбасары-Муратоап Еркежан
  2. Облыстық тәрбие бөлімінен-Нускенова Асем Хасеновна
  3. Жамбыл атындағы облыстық драмма театр актеры-Халық Хамит
  4. Музыка мектебінің мұғалімі-Рахымбаева Қымбат Сейтбековна
Киіз үйлер сайысына төрелік еткен:
  1. Лицей директоры-А.Ш.Темірқұл
  2. Ардагер ұстаз-Жақанбаева Нұрлан Мамашевна
  3. Искандер кафесінің иесі-Нұриддин Алып Цой 
Спорттық сайыстарға төрелік еткен:
  1. Дене шынықтыру пәнінәі мұғалімі-Мукашев Бауыржан
  2. Дене шынықтыру пәнінәі мұғалімі –Серғазин Сұңғат
  3. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі –Ахмадиев Марат
Аналар сайысының әділқазылар алқасы:
  1. Лицей тәрбиешісі-Меирбаева Мақпал
  2. Лицей тәрбиешәсі-Абуова Гульзира
  3. Ардагер ата-ана-Нұризат апай
Бірінші сайыс «Өнер сайысы» сахналық қойылым. 7-11 сынып оқушылары ата-аналармен бірігіп сахналық қойылым қойды. Әр сыныпқа атақты тұлғалар берілді, сол тұлғалардың өмірі турады немесе белгілі бір шығармасынын көрініс көрсетті.Әр сынып бір-біріне ұқсамайтын ерекше қойылымдар қоя білді. Ата-аналар мен оқушылар бірігіп ән айтып, би билеп, ұлттық киім киді.
Лицей оқушылары «Сәукеле» әнін орындауда
Келесі кезекте «Киіз үйдегі көңілді көктем» киіз үй аралау, «Ұлттық ойындар сайысы» бір мезгілде өтті. Әр сынып берілген тұлғаға байланысты киіз үйлерін әсемдеп, әділқазыларға түсіндірді. Әділқазалар баға берген кезде киіз үйдің әсемдігіне, ұлттық тағмдарға және берілген тұлғаға қаншалықты дайындағанын бағалады. Ұлттықойындар сайысында әкелер арқан тартып, 16 кг екі гір тасын көтерсе, аналарымыз уақытқа ою ойып,кесте тоқыды. Әр сыныптан екі ана қатысты. Тартысқа толы сайыста қазіргі аналарымыздың ұлттық қолөнерімізді білетіндігіне қуандық. Ал, әкелеріміз қара күш иесі екендігін дәлелдей отыра, тартысты сайыс өтті. 
Сайыстан тыс садақ ату, қой  көтеру және қазақша күрес өтті. Садақ атуға кез-келген әке ,қонақтар қатысты, ал қой көтеруге тек әкелер қатысты. Қазақша күрес 50кг, 60кг, 70кг және +70кг салмақтарында өтті. Лицей оқушыларының арасында өткен белдесулер өте қызық өтті. 
Наурыз мейрамын толау ораза айттың бірінші күнімен тұспа-тұс келіп, екі мейрамды қатар тойладық. Оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер бір-бірінің үйіне айтшылап, дәм ауыз тиді. Көтеріңкі көңіл-күймен ата-аналар мен оқушылар бірге билепте алды.
Ең қызығы, барлығы асыға күткен жабылу салтанаты болғандай. Бірінші кезекте қазақша күрестен жүлделі орын алған оқушыларымыз марапатталды:
50 кг салмақта
I-орын  Жеңісбек Ынтымақ
II-орын Мүбәрәк Әділхан
III –орын Қамажан Ербосын
60 кг салмақта
I-орын Нұрахметов Ердос
II-орын Камбеков Ерсултан
III –орын Мусаев Жанасыл
70 кг салмақта
I-орын Ринатұлы Ералы
II-орын Құдайберген Ратмир
III –орын Қали Бейбарыс
+70кг салмақта
I-орын Бидахметов Арнай
II-орын  Қасымұлы Теміржан
III –орын  Нұрахметов Ердос
Келесі кезекте садақ ату сайысында жүлделі орын алғандар марапатталды:
I-орын – Ануарбеков Мурат
II-орын – Мейрамқанов Берік
III –орын Адильбаев Мурат
Келесі сайыс қой көтеруде қойды 80 рет көтеріп 9Б сынып әкесі Жаманбаев Берік қойды жеңіп алды.
«Қазақтың ұлттық ойындары» сайысында жүлделі орын алған сыныптар:
Бас жүлде- 11Б сыныбы
I-орын – 9Б сыныбы
II- 8А сыныбы
III-11А сыныбы
III- 8Б сыныбы
«Өнер сайысы» кезеңінде:
Бас жүлде- 10А сыныбы
I орын – 9А
II орын – 10Б сыныбы
III орын -  9Б
III орын – 7Б сыныбы
III орын – 8А сыныбы
«Көңілді киіз үй» сайысында:
Бас жүлде- 7Б сыныбы
I орын – 7А сыныбы
II орын – 10Б сыныбы
III орын -  10Б сыныбы
III орын – 11Б сыныбы
Жеңімпаздар диплом, ақшалай сыйлықтар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Екі жылдан аса күткен Наурыз мейрамы лицейімізде дүркіреп өтті.Ат-аналар мен оқушыларға айтар алғысымыз зор. Наурыздан наурызға аман-есен жете берейік.