«Дарындылар шеруі-2022» » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » «Дарындылар шеруі-2022»
25
май
2022

«Дарындылар шеруі-2022»













2021-2022 оқу жылын қорытындылау мақсатында 25 мамыр күні сағат 10:00де «Ертіс концерт» үлкен залында Дарындылар шеруі-2022» атты салтанатты жиын өтті. Балалар жылы қарсаңында білім жағынан да, спорт жағынан да ауыз толтырып айтарлықтай көптеген жетістіктерге жеттік. Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтау, басқа балаларға үлгі болуы үшін сахнаға шығарып, арнайы марапаттап, сыйлықтар табыс етілді.
Мерекелік іс-шара 10-сынып оқушыларының қазақ биімен басталды. Ледэкранда бір жыл ішінде атқарылған іс-шаралар видеосы көрсетілді. Бидің ортасында спорт және білімнен жүлделі орын алған оқушылар медальдарын тағып ортаға шықса, Халықаралық 56-шы Менделеев олимпиадасының қола жүлдегері 10А сынып оқушысы Мамырбеков Бекболат лицейіміздің туын алып шықты.
Би аяқталғаннан кейін жүргізушілер Жанна апай мен Алихан ағай шықты. Бір жыл көлемінде жеткен жетістіктерімізді Облыстық, Республикалық,Қазақстан Республикасы олимпиадасында,Облыс әкімі грантын жеңіп алған   тағы басқа жетістіктерімізді баяндады.
Алғашқы құттықтау сөз кезегі лицей директоры А.Шонтықұлына және «Лицей ассоциациясының» төрағасы Әлішер мырзаға сөз кезегі беріліді. Құттықтау сөз кезегінен кейін, білім сайысының шыңынан көрінген оқушыларымызды марапаттап, сыйлықтар табыс етілді. Жалпы жүзден артық оқушыларымыз марапатқа ие болды.Лицейіміздің жартысынан көбі жетістіктерге жетті деген сөз. Бұл біз үшін үлкен қуаныш болды.
Келесі кезекте Шығыс Қазақстан облыстық білім басқарма басшысының орынбасары Динара Тоқсанбаевна Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде «Үздік олимпиадалық команда-2022» номинациясын және Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада кезеңінде  «Ең үздік олимпиадалық мектеп-2022» III орын кубогын директорға табыс етті. Жәнеде білім басқармасының басшысының атынан мұғалімдерімізге «Алғыс хаттар» табыс етті.
Лицейіміздің атын шығарған оқушыларымыздың құрметіне 10Б сынып оқушысы Феликстің орындауында саксафонмен ән шырқалды. 
Бір жыл ішінде білім саласынан ғана емес спорт және мәдени іс-шаралардан да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Спорт және мәдени сайыстардан жеңіс тұғырынан көрінген оқушыларымызды да марапаттадық. Оқушыларды марапаттауға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Хожахметов Наурызбай Изеттуллаұлы сахна төріне шақырылды. Облыстық, республикалық сайыстарда орын алған оқушыларымыз арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы қырыққа жуық оқушылармыз марапатталды. Оқушыларымыз топтық және жекелей сайыстарда белсенді екендігін дәлелдеді. Көңілді тапқырлар лигасында лицейіміздің атын шығарып 2-орынға ие болған «Рақмет,Ғибрат» команада мүшелері де марапатталды. Және олардың құрметіне 9Б сынып оқушысы Ералы ән шырқады. Әннің артында жеткен жетістіктерімізден қысқаша көріністер көрсетілді.
Оқуда алғыр, лицейдің қоғамдық өміріне белсене қатысқан, білім додаларында жетістікке жеткен оқушылармызға «Үздік Жыл оқушысы-2022» және «Үздік олимпиада оқушысы-2022» номинациялары табыс етілді. «Үздік Жыл оқушысы-2022» номинациясын 11Б сынып оқушысы Исмаилов Махаббет иеленсе, Үздік олимпиада оқушысы-2022» номинациясына 10А сынып оқушысы Мамырбеков Бекболат лайық деп танылды.
Өздерінің қажырлы еңбектерімен, көпке үлгі бола білген лицейіміздің «Тәлімгер» жобасының еріктілер тобы   Шығыс Қазақстан Облыстық Білім басқармасының «Алғыс хаттармен» марапатталды. Оқушыларымызды марапаттау үшін Шығыс Қазақстан Облыстық Білім басқармасы тәрбие бөлімінің маманы  Нускенова Асем Хасеновнаны және Talimger жобасының қалаушысы Ауезов Біржан Бэковичті  шақырылды. Бір жылдан аса ғана уақыт өтсе де, жоба республика көлемінде таралып, еріктілер жиналды. Жалпы 25 оқушы марапатталды. Оның жиырмасы бітіруші түлектер болса, бесеуі оныншы сынып оқушылары. 
Тәлімгерлерді марапаттағаннан кейін лицейіміздің «Рақмет,Ғибрат» командасы өнерлерін көрсетті. Бітіруші түлектерге ән арнап, жылы лебіздерін білдірді.
Келесі кезекте оқушылардың жетістікке жетуіне бірден-бір себепкер бола білген, мұғалімдеріміз «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Оқушыларымызбен бірге ата-аналарының да еңбектері бағаланып, «Алғыс хаттармен» марапатталды. Облыстық, республикалық және тағы басқа білім сайыстардан оза шапқан оқушыларымыздың ата-аналары лицей директорының және Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Марапаттау нәтижесінде биылғы оқу жылының ауыз толтырып айтарлықтай жемісті жыл болғанына тағыда бір мәрте көзіміз жетті. Ата-аналарымыздың құрметіне 10А сынып оқушылары Ерасыл мен Тимурдың орындауында әсем ән тарту етілді.
Келесі кезекте бес жыл білім алып, ұясынан қанат қаққалы отырған 11-сынып оқушыларына кезек берілді. 11-сынып оқушылары Нұрдәулет пен Ернұр бала жүректерінен шыққан тілектерін, жылы лебіздерін жеткізді. Лицейге, ұстаздарға, ата-аналарына алғыс айта отыра, артынан ерген бауырларына тек сәттілік тілеп, жетістіктер тіледі. 
Балаларының жаңа өмірге қадам басқанын көрген ата-аналарымыз балаларынан артық қобалжымаса, кем қобалжымады. 11-сынып ата-аналарына сөз кезегі берілген кезде, түлектерге сәттілік тілеп, лицей ұжымына алғыстарын айтты.
 Кеш бойы ең тебірентерлік сәтке де келіп жеттік. Түлектеріміз аналарымен бірге вальс биледі. Басқа түлектерден ерекшелігі сол аналарына рақмет айтып арнайы жазылған әнді оқушыларымыз орындаса, қалған  оқушыларымыз аналарымен бірге биледі. Ақ көйлек киіп ұлдарымен бірге билеген кезде аналарымыз әлі жас екендігін, тіпті өздері енді мектеп бітіріп жатқандай сезімде болдық.
Кешіміздің соңғы сөз кезегі 11-сынып оқушыларының сынып жетекшілеріне және сынып тәрбиешілеріне берілді. Бес жыл бойы бірге өткізген уақыттарында аға-бауырдай болып кеткен сыйластықтан қимастық білінді. Алдағы өмірлеріне сәттілік тілеп, сенім артатындықтан білдірді.
Шеруіміздің соңында түлектеріміз қоштасу әнін шырқады. Лицейге түскеннен бастап, бүгінгі күнге дейінгі жинақталған фотоларымен шырқалған караоке тебірентерліктей болды. 
Осылайша 2021-2022 жылдың қорытынды кеші есте қаларлықтай өтті. Алдағы оқу жылында жетістіктеріміз бұданда көп болады деген сеніміміз мол. Бітіруші түлектерімізге ақ жол,сәт сапар тілейміз!