Президент сайлауы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
09
сентябрь
2022

Президент сайлауы





Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу болып табылады.
         9 қыркүйек күні лицейімізде дәстүрлі президент сайлауы өтті. Жалпы президент сайлауына үміткерлер саны – 11. Үміткерлер 5 қыркүйектен бастап өзінің кандидатурасын ұсына отыра, мұғалімдер және оқушылар арасында үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. 
      Егер мен президент болсам: қайырымдылық қорын ашу, тематикалық күн ұйымдастыру, әр түрлі үйірмелер ашу және демалыс уақытн тиімді ұйымдастыру т.б. көптеген жақсы ұсыныстар болды. 10-сынып оқушыларының лицей іс-шараларына, қоғамдық жұмыстарға қатысуға белсенділіктері бізді қуантты. 
Үміткерлер дің аты-жөні:
  1. Алтынгазинов Алинур
  2. Жеңісбек Ынтымақ
  3. Бейсембинов Нұриман
  4. Ауғанбаев Альнур
  5. Жумагельдин Кемел
  6. Құдайбергенов Ратмир
  7. Мұсаев Жанасыл
  8. Мүбәрак Әділхан
  9. Толыбаев Теміржан
  10. Қасенұлы Есжан
  11. Камбеков Ерсұлтан
Жалпы сайлауда 228 дауыс берілді. Оның ішінде 198 оқушы, 30 мұғалім дауыс берді. Ең көп дауыс жинаған екі қатысушы болды. Олар: Бейсембинов Нұриман - 91 дауыс жинап 39,9% , Мұсаев Жанасыл - 95 дауыс жинап 41,7% көрсетті. Сайлау нәтижесі бойынша 2022-2023 оқу жылында «Лицей Президенті» атанған –  Мусаев Жанасыл. 
Қалған үміткерлер министр ретінде тағайындалды.
Өзін-өзі басқару басқару ұйымының министрлері:
  1. Білім министрі : Жеңісбек Ынтымақ 10Б, Мүбәрак Әділхан 10А
  2. Спорт министрі: Камбеков Ерсұлтан 10Б
  3. Мәдениет министрі: Бейсембинов Нұриман 10Б
  4. Медиа министрі: Ауғанбаев Альнур 10Б, Жумагельдин Кемел 10А
  5. Экология және қоршаған орта министрі: Құдайбергенов Ратмир 10А
Өзін-өзі басқару ұйымының жаңа мүшелеріне және президенке сенім арта отыра, жұмыстарына табыс тілейміз!