"МАТЕМАТИКАЛЫҚ РЕГАТА-2023" » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » "МАТЕМАТИКАЛЫҚ РЕГАТА-2023"
23
февраль
2023

"МАТЕМАТИКАЛЫҚ РЕГАТА-2023"

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2023 жылғы 23 ақпанда математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді. Аталмыш олимпиадаға математика пәні мұғалімі Байгелов Аслан Жақсылықұлы қатысты.
 Республикалық олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңіне 172 педагог қатысты, оның ішінде облыстық білім беру ұйымдары мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының 17 математика пәні мұғалімі конкурстық негізде облыстық кезеңге өтті. 
 Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша, Аслан мырза жеңімпаз атанып,  ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
 Олимпиада жеңімпаздары (төрт адамнан тұратын команда) ағымдағы жылдың 29-30 наурызында Ақтөбе қаласында өтетін математика пәні бойынша «Математикалық регата» республикалық олимпиадасына жолдама алды. Аслан мырзаға республикалық олимпиадада сәттілік тілейміз!