«Қарттарым-асыл қазынам» » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Версия для
слабовидиящих
» » «Қарттарым-асыл қазынам»
29
сентябрь
2023

«Қарттарым-асыл қазынам»




«Көп жасаған қария,ақыл теңіз-дария» деген ұлағатты сөз қарттарымыздың орны ерекше екендігінің дәлелі. 1-қазан қарттар күніне орай, 29 қыркүйек күні лицейімізде «Өскемен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қарияларына мерекелік күн арнадық. Арнайы орталықпен келісі отыра Кусанова Турсун, Мукашев Серик, Самарканов Кайырлы, Сагиев Бекен, Дудина Галина, Головина Александра, Шилоносов Александр, Сыздыкова Кумыс, Балабаев Габит, Тырышкин Владимир ата-апаларымызды лицейімізге шақырдық. 

15.00де арнайы дайындаған концерттік бағдарламамызды ұсынды. Оқушыларымыз қарияларымызға арнап домбырамен ән тарту етті. Синтизатормен әлем классиктерінің туындыларын орындаса, орыс, тау халқы және қазақ халқының билерін биледі. Лицей оқушыларынан құралған ансамбль еліміздің екінші әнұранына айналған «Атамекен» әнін орындап, қонақтарымыз бен оқушыларымыз бірге шырқады. 

Қонақтарымыз мерекелеріне арнайы құттықтау хат табыс еттік. Қарттарымыз оқушыларымызға баталарын беріп, ақ жол тіледі. «Өскемен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Ошакбаев Ерболат Кумаркановичке лицей директоры атынан арнайы алғыс хат табысталды.

Осылайша қарттар күнін ерекше түрде тойладық деп айта аламыз. Қыркүйек айының құндылығы – сүйіспеншілік айында үлкендерге құрмет, ізет көрсету қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту мақсаты кішкене болса да іске асты деп ойлаймыз.