01
декабрь
2023
"Тәлімгер" жобасының жұмысы
Үшінші жыл қатарынан лицей оқушыларының ұйымдастыруымен "Тәлімгер" жобасы жұмыс жасауда. 1-желтоқсан күні "Хабар" агенттігінің ұсынысымен Мамай Батыр ауылында Ломоносов орта мектебінде лицейіміздің 11-сынып оқушысы Матвеев Тимур осы жоба аясында 6-сынып оқушыларына ағылшын тілі пәнінен қосымша сабақ жүргізді. Сонымен қатар, телеарна тілшілеріне өзі жайлы және "Тәлімгер" жобасының жұмысы туралы қазақ және орыс тілдерінде қысқаша ақпарат берді.