20
сентябрь
2024
ЛИЦЕЙ ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ
Лицейде оқушылар арасында лицей президентінің сайлауы өтті. Сайлау демократиялық түрде, барлық қызметкерлер мен оқушылардың қатысуымен ұйымдастырылды. Президенттікке үміткер екі оқушы: Қамажан Ербосын және Тоқанов Таңат болды.
Сайлау қорытындысы бойынша, Қамажан Ербосын 68% дауыс жинап, лицейдің жаңа президенті болып сайланды.
Ербосын өз сөзінде сайлау барысында қолдау көрсеткен барша оқушыларға алғысын айтып, лицей өмірін жақсартуға және оқушылардың бастамаларын қолдауға бағытталған көптеген жобаларды іске асыратынын мәлімдеді.
Бұл сайлау лицейдегі оқушылардың белсенділігін көрсетіп, олардың болашақтағы көшбасшылық қасиеттерін дамытуға үлкен серпін берді.
#Біртұтастәрбие