«Алғашқы қоңырау – 2021!» » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алғашқы қоңырау – 2021!»
01
сентябрь
2021

«Алғашқы қоңырау – 2021!»


1 қыркүйек – Білім күні
Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған  «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» лицейі «Алғашқы қоңырау – 2021!»  Білім күнін атап өтті. 
Мақсаты: Білім күніне арналған салтанатты жиынды өткізу арқылы өскелең ұрпақтың бойына азаматтық және патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті дарыту; Еліміздегі өзекті мәселелерді шешуге өз үлесін қоса алатын, оның тағдырына жауап бере алатын, құқықтық мемлекеттің азаматын қалыптастыру. 
Білім күніне арналған шара екі бөлімнен тұрды. Біріншісі – Білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» болса, екіншісі – «Тәуелсіздік жетістіктері» атты білім сабақтары. 
Алғашқы қоңырауға 7-11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты. Әскери жетекшінің арнайы рапортынан кейін ҚР Мемлекеттік Туы енгізіліп, ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды. Лицей директоры А.Ш.Темірқұл алғашқы қоңырауды «ашық» деп жариялаған соң, жүргізушілер тарапынан құттықтау сөздер, тілектер айтылды. Лицей директоры А.Ш.Темірқұл жиылған қауымды Білім күнімен құттықтады. 
11-сынып оқушысы, математика пәнінен Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола медаль жүлдегері Жумагалиев Данияр 7-сынып оқушыларына «Білім кілтін» табыстап, Ант қабылдау рәсімі өткізілді. 7 сынып оқушысы Марат Ахмет «Түркімен» күйін орындады. Әскери жетекшінің арнайы рапортымен ҚР Мемлекеттік Туы шығарылды. Лицей директоры А.Ш.Темірқұл салтанатты жиынды «жабық» деп жариялаған соң, барлық ұстаздар мен оқушылар білім сабақтарын тамашалауға кабинеттерге бет алды.