Лицей кітапханасы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62

Нашар көрушілер
нұсқасы
Құрмет етсең, құрмет көрерсің тақырыбында кітапханада өткен  тренинг сабағы
18
декабрь
2019
Құрмет етсең, құрмет көрерсің тақырыбында кітапханада өткен тренинг
Құрмет етсең, құрмет көрерсің 16-17 қазанда кітапханада қазан айының құндылығы «құрметке» байланысты 7 «б» және 7 «а» сынып оқушыларына «Құрмет етсең, құрмет көрерсің» атты тренинг сабақ өткізілді. Бұл сабақтың мақсаты: оқушыларды бір-біріне, сондай-ақ табиғатқа құрмет көрсетуге үйрету, қамқорлыққа тәрбиелеу. Тренингте әртүрлі көрнекіліктер қолданылып, презентация, видеоролик көрсетілді.
«Тәуелсіздіктің ақ таңы» тақырыбымен дөңгелек үстел отырысы
12
декабрь
2019
«Тәуелсіздіктің ақ таңы» тақырыбымен дөңгелек үстел отырысы
2019 жылы 12 желтоқсанда кітапханада Тәуелсіздік күніне орай  10 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздіктің ақ таңы» тақырыбымен дөңгелек үстел отырысы болды. Шара желтоқсан құрбандары құрметіне бір минут үнсіздік жарияланумен басталды. Одан әрі оқушылар назарына видео материал ұсынылып, тарих пәнінің мұғалімі Ж. Қанатбеков желтоқсан оқиғасына кеңінен тоқталып өтті. Оқушылар Қайрат Рысқұлбековты тұтқындау сәтін көрініс ретінде көрсетті.          Ағымдағы айдың құндылығы «Отансүйгіштік» деп
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада Н.Назарбаевпен болған кездесуге қатысқан облысымызға танымал тұлғаларымен кездесу
26
ноябрь
2019
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Оралхан Бөкей атындағы орталық
26 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада Н.Назарбаевпен болған кездесуге қатысқан облысымызға танымал тұлғалар А. Қ. Қасымов, Ә. А. Әубәкіров, В. И. Ахаев және Н. Н. Цойдың қатысуымен шара өтті. Шараға 10 «Б» сынып оқушылары, АӘД мұғалімі Ахмадиев М. және кітапханашылар қатысты. Қонақтар Тұңғыш Президентпен кездесуге не үшін шақырылғандары және жүздесуден алған әсерлері мен ойлары туралы әсерлі әңгіме айтып берді. Осыдан кейін лицей
Б. Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай
12
октябрь
2019
Б. Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай
12 және 13 қараша күні 8 «а» және 8 «б» сынып оқушыларымен қазақ балалар жазушысы Б. Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Менің атым Қожа» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Мақсаты:Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі «Менің атым Қожа» шығармасы туралы білімдерін толықтыру. Конференция барысында балаларға слайд көрсетіліп, шығарма желісі бойынша рөлдік ойындар ойнатылды.