Ата-аналарға » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 25-29-62
Есепші бөлімі:
+7(7232) 25-29-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әке – тәрбие тірегі, отбасының темірқазығы
17
февраль
2026
Әке – тәрбие тірегі, отбасының темірқазығы
Әке – тәрбие тірегі, отбасының темірқазығы 17 қаңтар күні лицейімізде ата-аналар мен ұжымға арналған «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында Елжас Ертайұлының тағылымды семинары өтті. Кездесу барысында әкенің бала өміріндегі орны, отбасындағы жауапкершілігі, ұрпақ тәрбиесіндегі үлгісі жайлы терең ойлар айтылып, өмірден алынған тағылымды мысалдармен толықтырылды. Мағыналы жүздесу қатысушыларға үлкен ой салып, тәрбиенің маңызын тағы бір мәрте айқындады.
ЕРТІС ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
05
ноябрь
2025
ЕРТІС ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
2025 жыл 5 қараша күні Өскемен қаласы Ертіс полиция бөлімінің инспекторлары жасөспірімдерге арналған алдын алу іс-шарасы аясында лицейіміздің 7-8 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен вейптің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"ОТБАСЫ-ТӘРБИЕ БАСТАУЫ"
27
сентябрь
2025
"ОТБАСЫ-ТӘРБИЕ БАСТАУЫ"
Отбасы күніне орай әр сынып ата-аналары, оқушылар бірге табиғат аясына шықты. Шараның басты мақсаты сынып арасындағы ынтымақтастықты арттыру.
"АДАЛ АЗАМАТ" БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАНЫСУ
15
сентябрь
2025
"АДАЛ АЗАМАТ" БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАНЫСУ
Лицей ұжымына және  ата-аналарға  «Адал азамат» біртұтас тәрбие  бағдарламасы таныстырылды.
АТА-АНАЛАР ОҚЫТУ САБАҚТАРЫ
13
сентябрь
2025
АТА-АНАЛАР ОҚЫТУ САБАҚТАРЫ
Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында әр сынып ата-аналары белгіленген тақырыптар бойынша оқыту сабақтарын өткізеді. Сабақ тақырыптары оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отыра, пайдалы мәліметтер беруге бағытталған.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
09
сентябрь
2025
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Әр сейсенбі күндері «Дене шынықтыру жаттығулары» жобасы аясында жаттығулар жасалынды.
1-МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛІГІ КҮНІ
01
май
2025
1-МАМЫР ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛІГІ КҮНІ
1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймыз!  Құрметті ұстаздар, ата-аналар және сүйікті оқушылар! Бүгін – татулық пен өзара құрметтің, бейбіт өмір мен достықтың жарқын мерекесі! Бір шаңырақ астында тату өмір сүріп жатқан баршаңызды Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр күніміз бірлік пен берекеге толы болсын, жүрегімізде бейбітшілік оты мәңгі маздай берсін!
«БЕРЕКЕ БАСТАУЫ - ӘЗ НАУРЫЗ"
26
апрель
2025
«БЕРЕКЕ БАСТАУЫ - ӘЗ НАУРЫЗ"
“Берекелі Наурыз – ұлттың ұлы күні!” ⠀ 26 сәуір күні лицейімізде ата-аналар мен оқушылардың белсенді қатысуымен «Береке бастауы – әз-Наурыз» атты үлкен мерекелік іс-шара өтті! ⠀ Мереке барысында: – Сыныптар арасында театрландырылған қойылымдар – Аналар арасында қамыр жаю мен кеспе кесу сайысы – Әкелердің арқан тарту бәсекесі – Қазақша күрес пен қол күрестен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. ⠀ Барлық сынып киіз үй тігіп, ұлттық нақыштағы дастархан жайып, Наурыздың шынайы атмосферасын сезіндірді.
"КЕМЕЛДІККЕ БАСТАР БЕС ҚАДАМ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ
11
апрель
2025
"КЕМЕЛДІККЕ БАСТАР БЕС ҚАДАМ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ
«Кемелдікке бастар бес қадам» – Республикалық ата-аналар форумы 2025 жылдың 11 сәуірінде ШҚО білім басқармасының «Örken» ғылыми-әдістемелік орталығы мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің ұйымдастыруымен өткен форумда бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, отбасы мен мектеп арасындағы байланыс, бала психологиясы және қаржылық сауаттылық секілді маңызды тақырыптар талқыланды. Форум мақсаты – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен бес кеселдің (есірткі, лудомания, зорлық-зомбылық, вандализм,
АТА-АНАЛАРМЕН ТАНЫСУ
12
март
2025
АТА-АНАЛАРМЕН ТАНЫСУ
Сынып жетекшілер сынып оқушылар және отбасымен жақын танысу барысында әр оқушының үйіне қонаққа баруда. Бұл шара жыл көлемінде жүзеге асады.